Реклама от asia.kz: Создайте себе сайт-визитку бесплатно!
Конструктор сайтов и интернет - магазинов в казахстане
asia.kz/create/shop/
Биология
info@for.ru
 
Объявление от Asia.kz:
Создайте себе сайт-визитку бесплатно!

Конструктор сайтов и интернет - магазинов в казахстане

Реклама:
Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 
Қосжақтаулы ұлулар класына ашық сабақ

Сабақ тақырыбы:  Айқұлақ және мидиялар. Олардың тіршілік орталары. Құрлысының ерекшеліктері. Қозғалуы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Көбеюі. Биоценоздағы ролі және практикалық маңызы.

Сабақ мақсаты:

1. Сабақта оқытудың жаңа технология элементтерін пайдалана отырып қосжақтаулы ұлулар класына тән ерекшеліктер, тіршілік процестері және табиғаттағы маңызы туралы түсінік беру. 
2. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, оқушы белсенділігін арттыру, оқушылардың іс-әрекетін басқару арқылы біліктілігін дамыту. 
3. Адамгершілік, еңбек, кәсіптік бағдар тәрбиесін беру. 
Сабақтың көрнекілігі: Интер белсенді тақта, слайдтар, постер, үлестірме тапсырмалар, суреттер
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау. 
Сабақ түрі: Аралас сабақ 
Сабақ барысы. 
1. Ұйымдастыру кезеңі.
  3 мин.
Шаттық шеңбері 
Жағымды ахуал туғызу.     Оқушыларды түгендеу.  Оқушылардың бүгінгі сабаққа деген жақсы көңіл-күйлерін, қызығушылықтарын ояту.

Сыныпты топқа бөлу. 
         1. Нұрлы жол 
         2. Болашақ 
         3. Бейбітшілік сөздері бойынша бөлінеді. 
Елін сүйген -Елбасы. Оқушылардан 1 Желтоқсан мерекесі жайлы сұрау. 

2.Үй тапсырмасын сұрау   (Білімділер сайысы)  7 мин.

1. Ұлудың  буылтық құрттардан айырмашылығы қандай?

2. Ұлу денесі қандай бөліктерден тұрады?

3. Ұлулардың қанша түрі белгілі?

4. Қандай кластарға бөлінеді?

5. Асқорытуы қалай жүзеге асады?

6. Шапанша қуысының қызметі қандай?

3. Жаңа тақырып (топтық жұмыс) 12  мин.
         Қосжақтаулы ұлулар класы жайлы топтар өзара  Джиксо әдісі арқылы түсіндіреді.

І топ

Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі айырмашылығы - денесі бунақтарға бөлінбейді. Сондықтан ішкі мүшелердің денеде орналасуы қайталанбай, атқаратын қызметі бірдей, біртұтас күйде болады. Айқын жіктелмесе де, олардың бас бөлігін тұлғалан ажыратуға мүмкіндік бар. Ұлулардың ішкі мүшелері бастан кейінгі тұлға қапшығында орналасады. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат - шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.

Зәршығару жүйесі мен жыныс тесіктері және артқы ішектің аузы шапанша қуысына ашылады. Бақалшақтар құрылысы үш түрлі үлгіде кездеседі: қозғалмалы бөлікті тақташа түрінде (сауытты ұлуларда); екі жақтау түрінде (қосжақтаулыларда); имек немесе бұрала оралған түтік түрінде немесе қақпақша тәрізді бауыраяқтыларда. Аяқ - ұлулардың негізгі қозғалу мүшесі.

Ұлулардың зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады. Қан құрамындағы улы заттар бүйректен өтіп, сүзінді сыртқа бөлініп шығады. Табиғатта қосжынысты да, дара жынысты да ұлулар тіршілік етеді. Қосжынысты ұлулар өзін-өзі ұрықтандыра алмайды. Сондықтан ұрықтандыруға өзге дарағы қатысады. Мұны айқаспалы жолмен ұрықтану деп атайды. Жұмыртқадан тікелей жәндіктер дамиды. Қосжақтаулы ұлулар және басаяқтылар - дара жынысты жәндіктер. Бұлардың даму жолдары түрліше өтеді. Мысалы, қосжақтаулы ұлулардың ұрықтануы іште өтеді. Жұмыртқадай дернәсіл дамиды, ал дернәсілден ересек жәндік өседі. Дамудың бұл жолы - түрленіп даму деп аталады. 

ІІ топ

Паразит қосжақтаулылардың (айқұлақтың) дернәсілдері балықтың терісінде паразиттік жолмен тіршілік етеді. Басаяқты ұлулар (ірі басаяқтылар) су астындағы әр түрлі заттарға топтастырып жұмыртқа салады. Жұмыртқадан тікелей, пішіні ересектеріне ұқсас жас ұлулар өрбиді. Дамудың бұл жолы - тура даму деп аталады. Ұлулардың көпшілігінің жүйке жүйесі жүйке түйіндерінен тұрады. Алайда басаяқты ұлулардың жүйке жүйесінің күрделеніп, жүйке талшықтарының жинақталуынан ми түзілетіні мәлім. Басаяқтылардың көз құрылысы да күрделі.

Кальмарлар,каракатицаларсегізаяқтар өте жылдам реактивті қозғалыс жасайды. Олар саңылауы арқылы шапанша қуысына су жинап алады да, оны түрі өзгерген аяқ ойысынан күшпен айдай шығарады. Денесінің алдыңғы бөлігінде орналасқан аяқтары түрін өзгертіп, қармалауыштарға айналады. Аяқтарының орналасуы және пішініне қарай бұл жәндіктер бауыраяқтылар, күрекаяқтылар, т. б. кластарға жіктеледі. Тұщы суда мекендейтін ұлулардың екі көзі - қармалауыштардың түбін ала (тоспа ұлу), ал құрлықта мекендейтіндерінікі (жүзім ұлуы, жалаңаш шырыш) қармалауыштардың ұшында орналасады.

Қосжақтаулы ұлулар класы жайлы Бұлар - Жер шарына кең таралған көпжасушалы жәндіктер. Олар мұхитта, теңізде, тұщы суқоймаларында, өзендерде тіршілік етеді. Құрлықта кездеспейді. Жануартекті жеммен қоректенеді, паразиттік жолмен өмір сүретіндері де бар.

ІІІ топ

Қосжақтаулы ұлулар класының өкілі айқұлақ. Олардың бақалшағы ашып-жабылатын екі жақтаудан тұрады. Сондықтан бұл жәндіктер қосжақтаулы ұлулар деп аталған. Бұлардың бас бөлігі жойылып кеткен. Денесі тек тұлға және аяқтан ғана құралады. Мысалы, айқұлақтың аузы аяғының қасында орналасқан. Айқұлақта бас болмағандықтан, оның тілі де, жұтқыншағы да жоқ. Сондықтан қорек тікелей өңешке түседі. Одан қарынға өтіп, ішекке барады.

Қосжақтаулы ұлулар - дара жынысты жәндіктер. Олардың ғаламшарымызда 20 мыңға жуық түрлері мекендейді. Бұлар суды денесі арқылы өткізіп, оны бактериялардан, планктон және қалқып жүрген өлі қосындылардан сүзіп тазартады.

«Планктон» - грек сөзі, «кезбе» деген мағына береді. Ол - теңіздің қалың қабатында кезіп жүріп тіршілік ететін ұсақ тірі ағзалар жиынтығы. Теңізде тіршілік ететін кейбірқосжақтаулы ұлулар (мидияустрицагребешок) тағам ретінде пайдаланылады. Теңіз қосжақтаулыларының бақалшағынан түйме жасалады. Көптеген ұлулардың бақалшағынан ұн тартылып, ірі қараға жем ретінде беріледі.Мидия-калифорниялық мидиялар-"бисал тізбегі" деп аталатын талшықтары арқылы жартастарға жабысып тірішілік етеді.Гамбут хитондары-"қақпақша" аталатын сегіз тілемшеден тұратын ұлулар. Мүйізді ұлудың артқа қарай бағытталған мүйіз тәріздес өсінділері бар қарақошқыл қабыршағы болады. Қосжақтаулы ұлулардың ағаштан жасалған құрылыстар мен кеме түбін тесетін түрлері бар. Олар өте қауіпті зиянкестер болып табылады. Денесінің алдыңғы бөлігіндегі қосжақтаулы кішкене бақалшағымен сүректі бұрғылан теседі. Сөйтіп өзіне жол салады да, ағашты пайдалануға жарамсыз етеді.

Қосымша мұғалімнің түсіндіруі:   5 мин.

Постер қорғау:  8  мин.

1-топ. 
Бауыраяқты ұлулармен қосжақтаулы ұлуларды салыстыр. 
2-топ. 
Қосжақтаулы ұлуларға айқұлақтың мысалында сипаттама бер. 

3-топ. 
Қосжақтаулы ұлулардың басқа түрлері, олардың табиғаттағы маңызы.

Оқушылар постер жасап, оны қорғайды. 
 
Сабақты бекіту. 2.Бояулар әлемінде  5 мин.

Бағалау:  3мин.
"Екі жұлдыз бір тілек" 

Оқушыларға арнайы бағалау парағын таратып, ойларын түйіндетемін. Топтар өзара формативті бағалау жасайды. 
Топ басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалау парағымен бағалайды. . 
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлере жазып, тілек ағашына іледі.

Үйге тапсырма беру: 2 мин.
Қосжақтаулы ұлулар класын оқып дайындалып келу. 

                                         Тексерілді:                       30.11. 2016

Пожаловаться на сайт